2023 жылғы 6 сәуірде Чапаев ауылында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және "Ақжайық өрендері" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстың жастар ресурстық орталықтары мамандарының арасында қазақ күресінен "ЖРО БАРЫСЫ - 2023" облыстық турнирі өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ердос Рашидұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарыста бақ сынаушы жастарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының уақытша міндетін атқарушы Аян Нұхқали және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының басшылары аталған турнирдің арнайы қонақтары болды.
Айта кету керек, "ЖРО БАРЫСЫ - 2023" турнирі облыс көлемінде биыл төртінші мәрте ұйымдастырылуда.
Аудан орталығында өткен жарысқа қатысуға 9 ауданнан 12 палуан өтініш білдіріп, өзара шын мықтыны анықтады.
⠀ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
70 кг салмақ дәрежесінде:⠀
🥇I орын – Әділхан Өтепқали (Ақжайық ауданы);
🥈II орын – Равиль Мұханбетқалиев (Теректі ауданы);
🥉III орын – Дастан Дайырғалиев (Жәнібек ауданы);
⠀
+70 кг салмақ дәрежесінде:⠀
🥇I орын – Дәурен Мерешов (Жаңақала ауданы);
🥈II орын – Жалғас Нығметов (Жаңақала ауданы);
🥉III орын – Айдын Төлеген (Тасқала ауданы);
🏆Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар алқасы атынан арнайы белдікпен, диплом және қаржылай сертификатпен марапатталды.
ЖАСТАР БОЗ КІЛЕМДЕ БАҚ СЫНАСТЫ
4/6/2023